13.11.2019

Валюта бағамы:

Аудан әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

Аудан әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

Аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы Жосалы кентінде орналасқан №27 орта мектебі мен №30 мектебінде болып, атқарылған күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі таңда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауданымызда қарқынды жұмыстар жүруде. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өткен №30 орта мектебінің 4 оқу корпусының 2 оқу корпусымен №27 орта мектебінің1-ші негізгі оқу корпусының құрылысы аяқталып пайдаланылуда. №27 орта мектебінде биылғы жылы жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту, сұйытылған газга ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Жалпы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жылма - жыл тиісті талап-деңгейге келтірілуде, білім беру саласы бойынша жалпы барлығы 8 нысан, оның ішінде: 1 колледж, 2 мектептің күрделі жөндеуі, 5 мектептің жылу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары атқарылды. Аудан басшысы Мұса Оспанұлы күрделі жөндеуден өтіп жатқан әлеуметтік нысандарды аралау барысында атқарылған құрылыс жұмыстарын саралап, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

  • Жарияланған күні: 10.09.2019 04:02
  • Жаңартылған күні: 11.09.2019 11:37
  • Көргендер саны: 206
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі