22.07.2019

Валюта бағамы:

Аудан әкімі майдангерлерге құрмет көрсетті

Аудан әкімі майдангерлерге құрмет көрсетті

Аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы соғыс ардагерінің үйін аралап, облыс басшысы Қырымбек Елеуұлының құттықтауы мен мерекелік сыйлығы табыс етілді. Аудан басшысы 94 жасты еңсерген соғыс және еңбек ардагері Қуанышбай Бисенбаевтың шаңырағына барды. Майдангер 1943 жылы өзі секілді жерлестерімен бірге соғыс даласына аттанады. Шаруа отбасында өмірге келген қарт майдангер бала кезінен бейнет көріп өседі. Әкесі Бисенбайдан еңбексүйгіштікті үйренсе, анасы Алмадан имандылықты бойына сіңіреді. Ал соғыс аяқталған соң Чита қаласында шекара күзетеді. Араға жеті жарым жыл салып елге аман-есен оралады. Мұнан соң Сұлтан Ысқақұлы Въетнам соғысының ардагері Иса Бисеновтің отбасында болып, мерекелік құттықтауын жеткізді. Иса Бисенов – Въетнам соғысына қатысқан жалғыз қазақстандық. Ол өзі де бұл соғысқа баратынынан бейхабар болған. Қызылорда медицина училищесін бітірген ол әскерге шақырту алған. Ленинградта борышын өтеп жүреді. 1965 жылы рота командирі шақырып алып, Кеңес өкіметі Въетнам соғысына бір полк әскер жіберетінін және оның қатарында өзінің де бар екенін айтады. Үш ай апыл-ғұпыл дайындықтан өткен И.Бисенов Въетнам соғысына аттанады. Облыс басшысы Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен Иса ақсақал зайыбымен бірге Ханойға барып, Мемлекет басшысымен жүздесіп қайтады. Бүгінде аймағымызда Ұлы Отан соғысының 25 ардагері болса, біздің ауданымызда бір ғана тарихтың тірі куәгері қалды. Өз кезегінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері ақ батасын берді.

  • Жарияланған күні: 14.05.2019 10:42
  • Жаңартылған күні: 14.05.2019 13:42
  • Көргендер саны: 162
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі