10.07.2020

Валюта бағамы:

Аудан әкімі мердігер мекеме басшыларымен кездесті

Аудан әкімі мердігер мекеме басшыларымен кездесті

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстар бойынша тапсырыс беруші мекемелер мен мердігер мекемелердің басшыларымен кездесті. Кездесу барысында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтап, алдағы уақытта атқарылатын тапсырмалардың орындалу барысын талқылады. Сонымен бірге «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан шаралар туралы аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Б. Шерниязов және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ж. Ниматулланың хабарламалары тыңдалды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Қармақшы ауданы бойынша 40 жоба жүзеге асырылады. Осы жобалар аясында жалпы 809 жұмыс орны, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы тіркеуде тұрған 409 адам жұмыспен қамтылатын болады. Қазіргі таңда мердігерлермен еңбек шарттарын орналастыру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі Мұса Оспанұлы мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақтылы игерілуін, жасалып жатқан жұмыстардың сапасы мен белгіленген уақытта халық игілігіне берілу керектігін және мердігерлерге келісім шарт бойынша белгіленген уақытта жұмыстарды аяқтауды жүктеді. Сонымен бірге барлық мердігерлерге құрылыс материалдарының сапалы болуын, жұмысты уақтылы бітіруді және тиянақты жасауды баса айтып тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

  • Жарияланған күні: 01.06.2020 12:17
  • Жаңартылған күні: 02.06.2020 11:27
  • Көргендер саны: 113
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі