09.12.2019

Валюта бағамы:

Аудан әкімі №30 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Аудан әкімі №30 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жосалы кентінің орталығында орналасқан О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі 1992 жылы пайдалануға берілген. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында атқарылып отырған білім ордасында жылу, кәріз, су жүйелері, терезе, есік ауыстыру, электр жүйесі, ішкі қабырғалар және еден ауыстыру, сыртқы фасад жұмыстары жүргізілуде. Қазірігі уақытта демонтаж, сантехника жұмыстары аяқталып, терезелері ауыстырылды. Ішкі қабырғаларын сылау және едендерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Тамыздың 26 жұлдызына дейін оқу ордасының 2 блогы оқушыларды қабылдауға дайын болады.

  • Жарияланған күні: 15.08.2019 10:12
  • Жаңартылған күні: 19.08.2019 19:34
  • Көргендер саны: 213
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі