16.10.2019

Валюта бағамы:

Аудан әкімі «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді

Аудан әкімі «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді

Аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кент тұрғындарының жеке өтініштері бойынша қабылдау өткізді. Мәселен, кент тұрғыны, зейнеткер Маханова Әсемкүл баласының бүйрегін ауыстырғанын айтып, дәрі-дәрмегіне қаржылай көмек сұрады. Қабылдау барысында, Қармақшы аудандық ауруханасының бас терапевті Жаналиев Айдос Қайырғалиұлы баласының әрдайым дәрігердің бақылауында екендігін, қазіргі таңда тегін медициналық дәрі-дәрмектің баласына беріліп жатқандығын айтып өтті. Сонымен бірге аудан басшысы тегін дәрі-дәрмектен бөлек профилактикалық емі үшін 6 ай көлемінде қабылдайтын препарат бойынша ауданымыздың бас терапевті А.Жаналиевке зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Кент тұрғыны Ақбергенова Бақыт несие мәселесі бойынша қабылдауда болды. Аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы өтініш иелерінің мәселесін тыңдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

  • Жарияланған күні: 10.07.2019 10:05
  • Жаңартылған күні: 10.07.2019 17:46
  • Көргендер саны: 1114
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі