19.05.2019

Валюта бағамы:

Аудан әкімі перзентханада аналарды құттықтады

Аудан әкімі перзентханада аналарды құттықтады

8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесінде аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы аудандық аурухананың перзентхана бөлімінде болып, дүние есігін ашқан жас сәбилердің аналарын мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Аудан басшысы өз кезегінде Елбасымыздың әрбір Жолдауында ана мен балаға деген қамқорлық назардан тыс қалған емес. Алтын құрсақ аналарымыздың жолын жалғастырып келе жатқан жас аналарға барлық мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде – деп айтып өтті. Сонымен бірге аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаты К.Раева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С. Айдаров, «Амбулаториялық–емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасының» бас дәрігері, «Райполиклиника» БПҰ төрағасы Б.Нысанбаев өмірге келген жас сәбилердің аналарына мықты денсаулық тілеп, нәрестенің бауы берік болсын деген тілектерін жеткізіп, сый – сияпат жасады.

  • Жарияланған күні: 12.03.2019 05:19
  • Жаңартылған күні: 12.03.2019 23:28
  • Көргендер саны: 157
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі