15.09.2019

Валюта бағамы:

Аудан әкімдігінде тұрақты кеңес мәжілісі өтті

Аудан әкімдігінде тұрақты кеңес мәжілісі өтті

Аудан әкімдігінде тұрақты кеңес мәжілісі өтіп, бірқатар мәселелер талқыланды. Тұрақты кеңес мәжілісін аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы жүргізіп отырды. Мәжіліске тиісті мекеме басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме-кәсіпорын басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Ж. Омаровтың баяндамасы тыңдалды. Сала басшысы білім беру ұйымдарының ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарына тоқталып, алдағы 2019-2020 жылдарға арналған атқарылатын жоспарларын ортаға салды. Сонымен бірге мәжілістің келесі мәселелері бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М. Жиенбаевтың хабарламасы тыңдалды. Аудан бойынша әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы пысықталды. Сонымен қатар ауданымызда көркейту – көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығын өткізу барысы туралы мәселелері қаралды. Тұрақты кеңес мәжілісін аудан басшысы Мұса Оспанұлы қорытындылап, күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты ұсынысын жеткізіп, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

  • Жарияланған күні: 11.09.2019 03:46
  • Жаңартылған күні: 11.09.2019 17:18
  • Көргендер саны: 36
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі