09.04.2020

Валюта бағамы:

Аудан әкімінің орынбасары көркейту – көгалдандыру жұмыстарының дайындық барысымен танысты

Аудан әкімінің орынбасары көркейту – көгалдандыру жұмыстарының дайындық барысымен танысты

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж. Суйеубаев көктемгі көркейту–көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының дайындық барысын көру мақсатында аудан орталығы Жосалы кентінің бірқатар көшелерін және әлеуметтік нысандарын аралады. Қармақшы аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Байсыновпен Жосалы кенті орталғындағы №6 Айсұлу балабақшасында, №2 Жұлдыз балабақшасында, №20 Толғанай балабақшаларында болып қазіргі жағдайын көріп, мекеме басшыларына санитарлық тазалық жұмыстарын ретке келтіруді тапсырды. Сонымен бірге Жосалы кентінің шығыс бетіндегі Наурыз, Қойшыбаев, Мүсірбаев, М. Мәмедова көшелерінің жай-күйін арнайы барып көрді. Мұндағы қаптаған күл-қоқыстан көңіл құлазиды. Көше бойындағы тазалық жұмыстары бұған дейін де жүргізіліп келгенін білеміз. Десек те тұрғындардың тазалыққа келгенде салғырттық танытатыны қарапайым тазалық әдептері сақталмайтыны белгілі болды. Бұған дейін де аудан әкімі Мұса Оспанұлы архитектуралық талаптарға сай келмейтін нысандар мен кейбір ғимараттарда анықталған кемшіліктер бойынша тиісті басшыларға ескертіліп, тұрмыстық қатты қалдықтардың арнайы полигонға төгілуін қатаң қадағалауды тиісті мамандарға тапсырған болатын. Аралау барысында аудан әкімінің орынбасары Жалғас Оңғарұлы көктемгі көркейту – көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығының басталуына орай мемлекеттік мекемелердің басшыларына жұмыстарды тиісті талап деңгейінде атқаруға тапсырмасын берді. Алдағы уақытта да аудан әкімінің орынбасары Жалғас Оңғарұлы жұмысшы тобымен бірге көктемгі көркейту – көгалдандыру және санитарлық тазалық барысында атқарылатын жұмыстар бақылау дейгейінде болатынын және аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Байсыновқа берілген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын назарға алып отыруды жеткізді.

  • Жарияланған күні: 03.03.2020 04:13
  • Жаңартылған күні: 04.03.2020 10:33
  • Көргендер саны: 102
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі