09.04.2020

Валюта бағамы:

Алты миллионнан астам салымшы БЖЗҚ-дан үзінді көшірмені онлайн тәртібінде алады

Алты миллионнан астам салымшы БЖЗҚ-дан үзінді көшірмені онлайн тәртібінде алады

Зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары арасындағы ең танымал қызмет. 2019 жылы бұл қызмет 14 миллионнан астам рет пайдаланылған.

Еске сала кетелік, БЖЗҚ салымшылары жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені шот ашылған күннен бастап сұрау салған кез келген күнге қарай тегін алуға құқылы. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық.

Бүгінде салымшылар мен алушылар зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты:

  • Қор кеңсесіне тікелей келу;
  • пошта байланысы;
  • электрондық тәсілдер:

- БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта;

- интернет байланысы (логин мен құпиясөз (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөлімі және ұялы телефонға жүктелген ENPF мобильді қосымшасы);

- электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет (ЭЦҚ немесе mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына келетін бір реттік sms-пароль) арқылы ала алады.

Ең ыңғайлы және жылдам тәсіл – бұл үзінді көшірмені БЖЗҚ сайты немесе электрондық үкімет порталының жеке кабинеті арқылы алу. Сонымен қатар БЖЗҚ-ның смартфон немесе планшеттерге арналған жаңартылған мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Барлығы 5,6 миллион адам зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты Жеке кабинет арқылы алған. Бір жыл ішінде интернет байланысы тәсілін таңдағандар саны 500 мыңға жуық адамға көбейді. 860 мың адам үзінді көшірмені электрондық пошта арқылы алады. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ филиалына келіп алу - танымалдығы жағынан екінші орында. Бұл тәсілді шамамен екі миллионға жуық адам таңдаған. БЖЗҚ-дан ақпаратты пошта байланысы арқылы алушылар саны біртіндеп азаюда. Бұл жағдайда ішіне үзінді көшірме салынған хат оларға жылына бір рет жіберіледі. Қазіргі уақытта бұл тәсілді таңдағандар саны - 1,3 млн адам. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға төмен.

Еске саламыз, салымшы мекенжайын ауыстырған жағдайда бұл туралы Қорғахабарлауға міндетті. Егер хабарламаса, БЖЗҚ келесі жылы үзінді көшірме салынған хатты оған жібермеуге құқылы.

Салымшы ыңғайлы хабарлау тәсілін таңдау үшін жеке басын куәландыратын құжатпен Қордың жергілікті кеңсесіне жүгінуі тиіс. Егер ЭЦҚ болса, Қор кеңсесіне келмей-ақ, хабарлау тәсілін enpf.kz сайтының Жеке кабинеті арқылы таңдауға немесе өзгертуге болады.

  • Жарияланған күні: 05.03.2020 10:44
  • Жаңартылған күні: 05.03.2020 22:46
  • Көргендер саны: 226
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі