16.12.2018

Валюта бағамы:

Алғыс айту күніне орай «Тегін такси» қызметі ұйымдастырылды

Алғыс айту күніне орай «Тегін такси» қызметі ұйымдастырылды

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай "Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Жүрек жылуы" жобасы аясында Жосалы кентінде таңертенгі сағат 09-30 дан бастап «Тегін такси» қызметі ұйымдастырылды. Көлікпен тасымалдау акциясын өткізудің мақсаты - кент тұрғындарын барар жеріне дейін тегін жеткізу. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру болып табылады. «Тегін такси» қызметін пайдаланған кент тұрғындары өзінің және отбасы аттарынан, көрсеткен қызметтеріне жылы лебізін айтып, өз ризашылықтарын білдіріп бүгінгі Алғыс айту күнімен құттықтады.

  • Жарияланған күні: 02.03.2018 09:55
  • Жаңартылған күні: 05.03.2018 10:56
  • Көргендер саны: 595
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі