03.06.2020

Валюта бағамы:

БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында үстіміздегі жылдың 18 наурызында Қазақстан бойынша өзінің барлық филиалдарында «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.

Күн тәртібіндегі басты тақырып – «Алғашқы жарнаңызбен – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз!» деп аталады.

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға тиісті өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен сәтте зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Бір жыл ішінде Қорда автоматты түрде 400 мыңдай жаңа зейнетақы шоты ашылды. Сәйкесінше сол шоттардың иелері «Ашық есік күні» шарасының ерекше қонақтары болмақ.

Филиал мамандары оларға Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі, Қор қызметі туралы әңгімелеп, зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеу жолдарын үйретіп, зейнетақы шотынан ақпарат алудың заманауи тәсілдерін ұсынады.

Аталмыш шараны өткізудегі басты мақсат – салымшыларға толыққанды ақпарат беру және зейнетақы жүйесі мен Қор қызметтері бойынша сұрақтарға жан-жақты жауап беру.

Біз сіздерді Қызылорда қаласы, Ә. Тәжібаев көшесі, 26 үй мекенжайында орналасқан БЖЗҚ АҚ Қызылорда облыстық филиалының кеңсесінде күтеміз.

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

Тақырыбы: «Алғашқы жарнаңызбен – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз!»

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 18 наурызында таңғы сағат 10.00-де Қызылорда қаласы, Ә. Тәжібаев көшесі, 26 үйде «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.

Басты мақсат – жаңа салымшыларды жинақтаушы зейнетақы жүйесі және Қор қызметтерімен таныстыру.

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға тиісті өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Қорға алғашқы жарна келіп түскен сәтте зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Бір жыл ішінде Қорда автоматты түрде 400 мыңдай жаңа зейнетақы шоты ашылды. Бұл шоттар иелерінің көпшілігі Қор филиалына алғаш рет келеді.

Қор мамандары Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі туралы әңгімелейді. Зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны есептейді және Қордың салымшылармен өзара әрекеттесу арналары және басқа да сұрақтар бойынша туралы жауап береді.

Шараға қатысушылар тек күн тәртібіндегі тақырып бойынша ғана емес, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі, сондай-ақ өздерінің жинақтары туралы да сұрақтарға тиянақты жауаптар алады.

Шара соңында барлық қатысушыларға бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің ұсыныстары мен тілектерін білдіруге мүмкіндік беріледі.

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларды және қатысуға ниет білдірген барлық азаматтарды «Ашық есік күні» шарасына шақырады.



  • Жарияланған күні: 02.03.2020 09:32
  • Жаңартылған күні: 02.03.2020 21:34
  • Көргендер саны: 213
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі