20.03.2019

Валюта бағамы:

Шәмшат Төлепованы еске алуға арналған жыр кеші өтті

Шәмшат Төлепованы еске алуға арналған жыр кеші өтті

Аудандық мәдениет үйінде «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» атты жыршы- термеші, халыққа еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, айрықша талант өкілі Шәмшат Төлепованы еске алуға арналған облыстық жыр фестивалі өтті. Жыраулық дәстүрді республикалық деңгейде сахналандырған алғашқы жырау Шамшат Төлепова болатын. Жыр фестивальдің негізгі мақсаты - халқымыздың төл мұрасы- жыраулық, термешілік өнерді ұрпақ санасына сіңіре отырып, оның сиқырлы мақам сазын өнер сүйер қауымға жеткізу, сондай-ақ, халқымыздың дәстүрлі жыраулық өнерін дамыту және оны ұлықтай түсу болып табылады. Фестиваль аясында Күнсұлу Түрікпен, Майра Сәрсенбаева, Зәуре Кәрібаева, Айгерім Ешбаева т. б. жыршы қыздар Шамшат Төлепованы еске ала отырып, халыққа рухани дем беріп, сан ғасырлар қойнауында жатқан саф өнерді дәріптеді. Фестивальдің қорытынды кезеңінде аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Раева Кулжауһар, аудан ардагері Құлдүйсенов Әбдірахман сөз алып фестивальге қатысушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, алғыс хаттар табыстап қаржылай сый-сияпат жасады.

  • Жарияланған күні: 14.03.2019 10:24
  • Жаңартылған күні: 15.03.2019 09:59
  • Көргендер саны: 45
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі