15.10.2019

Валюта бағамы:

Қармақшылық ұстаздар құрмет төрінде

Қармақшылық ұстаздар құрмет төрінде

Ш. Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде ұстаздар күні кәсіби мерекесіне орай «Ұстазым, менің ұстазым!» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы ардагер ұстазадар мен мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. - Мектептің мақсаты баланы тек оқыту ғана емес, қазіргі заманда өз орнын тауып, бәсекелестікте өмір сүре алатын тұлға тәрбиелеу болуы керек. «Білім инемен құдық қазғандай» дейді, сол күрделі істе оң нәтижелерге қол жеткізе алған ұстаздарға деген біздің ризашылығымыз ерекше зор. Ел дамуының өзегі болып табылатын білім беру барлық басқа салалардан артық бағалануы тиіс. Сол себепті, білім саласының дамуы, ұстаздарды қолдау, оқушылар мен түлектерге барынша жағдай жасау – біз үшін қашан да ең басты міндеттердің қатарында болады.- деп атап айтып өтті аудан басшысы. Аудан әкімі ауданымыздың үздік педагогтарына ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Құрмет Грамотасын", облыс әкімі мен аудан әкімінің және облыстық білім басқармасы басшысының "Алғыс хаттарын" табыстады. Сондай-ақ білім беру саласында ұзақ жылдар қажырлы еңбек еткен 70,75,80 жасқа толған құрметті зейнет демалысындағы ардагерлерімізге аудан әкімінің құттықтауы берілді. Сонымен бірге ауданымыздың білім саласының дамуына үлес қосып жүрген ұстаздарға аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Омаров аудандық кәсіподақ комитетімен білім бөлімінің басшысының алғыс хаттарымен марапаттады. Салтанатты жиын соңы аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастырумен ұстаздар күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламаға жалғасты.







  • Жарияланған күні: 09.10.2019 01:54
  • Жаңартылған күні: 10.10.2019 04:59
  • Көргендер саны: 32
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі