22.07.2019

Валюта бағамы:

Колледж түлектеріне диплом табысталды

Колледж түлектеріне диплом табысталды

Қармақшы аграрлы - техникалық колледжінде «Білім әлемінен –жарқын болашаққа» атты колледждің бітіруші түлектеріне диплом беру салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев арнайы қатысып, бітіруші түлектерді диплом алу салтанатымен құттықтап, үздік бітіруші түлектерге біліктілік дипломдарын табыстады. Қазіргі таңда «Электр жабдықтарға қызмет көрсетуші электромонтер», «Көліктерді жөндеуші шебері», «Тігінші», «Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист» біліктіліктері бойынша 73 бітіруші диплом алды. Биылғы жылы колледжде Хабитқызы Перизат, Шәкімбаева Гүлнаурыз үздік диплом иегері атанды. Бітіруші түлектерді колледж директоры Исламбек Айекенов үлгілі тәртібімен үздік оқығаны үшін спортта жоғары жетістікке жеткен, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан, облыстық, республикалық байқаулардан жеңімпаз атанып белсенділігімен танылған студенттерге алғысын білдіріп марапаттады. Сонымен бірге салтанатты шараға «Nur Otan» партиясының Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы, аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы Күлжаухар Раева, аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Арма Ермекбаев, «Қамқоршылық кеңес» төрайымы Сұлу Досниязова және ата –аналар қатысып тілектерін жеткізді.

  • Жарияланған күні: 01.07.2019 10:18
  • Жаңартылған күні: 01.07.2019 16:33
  • Көргендер саны: 76
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі