20.03.2019

Валюта бағамы:

Көп балалы ардагер аналарды мерекемен құттықтады

Көп балалы ардагер аналарды мерекемен құттықтады

Аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы Жосалы кенті орталығындағы «Ақ тілек» мейрамханасында 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шарасына қатысты. Шараға 300-ге жуық нәзік жандылар қамтылды. Олардың ішінде көп балалы аналар, еңбек ардагерлері, батыр аналар, бар. Аудан басшысы Сұлтан Ысқақүлы : «Сіздердің мерекелеріңіз көктемгі шуақпен, адамзатқа жылылық әкелуде. Біздің ұлт қашанда ананы ардақтап, құрметтеген. Ана отбасының жылуы, ұйытқысы. Өздеріңіз аналық парызбен қатар біздің қоғамның дамуына да елеулі үлес қосудасыздар. Сіздердей жандарға мемлекет тарапынан, қашанда тиісті қолдаулар болады. Жақында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының съезінде де көпбалалы отбасылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту жөнінде Үкімет пен әкімдерге нақты тапсырмалар берген болатын. Аз қамтамасыз етілген, әсіресе көпбалалы отбасыларды қолдаудың шарттары жеңілдетіліп, әр балаға 21 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі. Сіздер секілді батыр аналарымыз көп болсын! Сіздерге зор денсаулық, босағаларыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін» - деп жүрек жарды лебізін жеткізді. Өз кезегінде, салтанатты шараға қатысқан ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер ауданымызда соңғы жылдары атқарылған ауқымды жұмыстардың арқасында, орын алған оң өзгерістерге тоқталып, осы мақсатта қызмет етіп жүрген барша азаматтарға алғыстары мен аналық ақ тілектерін жеткізіп жатты. Мерекелік жиын барысында Қызылорда облысының филормониясының өнерпаздары мен бишілері барша қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйласа, жергілікті өнерпаздар аяулы жандарға әсем әндерін арнады. Қатысушылардың барлығына аудан әкімінің арнайы сыйлықтар табыстады.

  • Жарияланған күні: 12.03.2019 05:22
  • Жаңартылған күні: 12.03.2019 23:25
  • Көргендер саны: 42
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі