30.05.2020

Валюта бағамы:

Әлеуметтік дүкеннің ел игілігіне тигізер пайдасы зор

Әлеуметтік дүкеннің ел игілігіне тигізер пайдасы зор

Қармақшы ауданы Жосалы кенті А.Иманов көшесінде ашылған әлеуметтік дүкенде халықтың күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері тиімді бағада сатылуда. Атап айтқанда қарақұмық жармасы - 294 тг, қырыққабат - 60 тг, картоп - 115 тг, шемішкі май - 397 тг, тауық жұмыртқасы С1 - 28 тг, т.б . “Алтын қамба” агроөнеркәсіп комбинаты” ЖШС-нен ағымдағы жылдың, 15 мамыр күні орталыққа 4 тонна ұн, 3 тонна картоп, 4,6 тонна макарон өнімдері, 4 тонна шемішкі май, 2 тонна күріш, 5 760 дана тауық жұмыртқасы тасымалданып, дүкен сөресі жаңа өніммен толтырылды. Сонымен бірге, үстіміздегі жылдың 18 мамыр күні 200 кг тауық еті келді. Өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдерінен бөлек жергілікті жердің ақ күріші, құрт, ірімшік т.б өнімдері сатылуда. Дүкенде азық-түлік түрлерін көбейту жоспарланып, жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта, Жосалы кентінен тағы 2 әлеуметтік дүкен ашу жоспарланып, жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде халық өңірлік тұрақтандыру қоры өнімдерінің пайдасын көруде.

  • Жарияланған күні: 21.05.2020 05:53
  • Жаңартылған күні: 22.05.2020 19:12
  • Көргендер саны: 51
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі