10.07.2020

Валюта бағамы:

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне жататын картоп, жуа, сәбіз бен қырыққабат жергілікті жерде өсірілуде

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне жататын картоп, жуа, сәбіз бен қырыққабат жергілікті жерде өсірілуде

Қармақшы ауданы әкімі М.Қалдарбековтің бастамасымен, ағымдағы жылы аудан халқы картоп, көкөніс (жуа, сәбіз, қырыққабат) және бақша дақылдарымен өзін-өзі қамтамасыз етуі үшін ауылдық округтерде және кент орталықтарында жеке секторда аталған өнімдерді өндіруге тиісті шаралар жүргізілуде. Былтыр 1192 гектар картоп, көкөніс және бақша дақылдары орналастырылып, 20 795 тонна өнім жиналған ( әр гектарына орта өнім 174,4 центнерден). Аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар бірқатар дақылдардың (картоп, сәбіз, жуа, қырыққабат) жыл көлемінде тұтынылатын көлемі есептелініп, барлығы 1307 гектар картоп, көкөніс және бақша дақылдарын орналастыру межеленді. Былтырғы жылмен салыстырғанда картоп - 22 га, көкөніс - 46 га, бақша - 47 га артық орналастырылады. Қазіргі уақытта барлық кент және ауылдық округтерде (Төретам кенті мен Ақай ауылдық округін қоспағанда) картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егу, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні, аудан бойынша барлығы 531,2 гектар картоп, көкөніс және бақша дақылдары егіліп, күтімге алынған. Қазіргі таңда, егіс жұмыстары өз кезегімен жүргізілуде. Аталған жұмыстарға аудан бойынша 1340 отбасы қатыстырылуда, жеке секторда межеленген 1183 гектар көлем бойынша 1165,2 гектар алқапқа картоп, көкөніс және бақша дақылдарын өсіру жұмыстары күтілуде. Бұлардан бөлек, ауыл шаруашылығы құрылымдарында 36 га картоп, 23 га көкөніс, 65 га бақша, барлығы 124 га картоп, көкөніс және бақша дақылдары егілетін болады.

  • Жарияланған күні: 25.05.2020 01:32
  • Жаңартылған күні: 29.05.2020 20:50
  • Көргендер саны: 120
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі