26.02.2020

Валюта бағамы:

Әлеуметтік сала қызметкерлері аудан тұрғындарымен кездесті

Әлеуметтік сала қызметкерлері аудан тұрғындарымен кездесті

Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің және Қармақшы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының мамандары Жосалы кенті мен ауылдық округтердегі тұрғындарымен кездесіп, 2020 жылғы 1 қаңтардағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа моделі және көпбалалы отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы төлеу туралы түсіндірме жасады. Мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған, орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар отбасыларына табысына қарамастан төленетін болады. Ең бастысы - бұл жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап және отбасындағы кәмелеттік жасқа толмаған балалар ата-аналарымен бір мекен-жайда тіркеуде болған жағдайда тағайындалады.

Бұл төлемнің мөлшері отбасындағы бала санына байланысты дифференциалды болады:
4 баласы бар отбасыларға - 42 496 теңге (16,03 АЕК);
5 баласы бар отбасыларға - 53 127 теңге (20,04 АЕК);
6 баласы бар отбасыларға - 63 757 теңге (24,05 АЕК);
7 және одан жоғары баласы бар отбасыларға - 74 388 теңге (24,08 АЕК) төленетін болады.

Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз мұқтаж отбасыларға төленеді. Бұл ретте, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын тағайындаудың шекті өлшемі өзгеріссіз қалады. АӘК отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы арасындағы айырмашылық мөлшерінде төленеді.

АӘК тағайындаудағы басты өзгерістер:

1. АӘК әр тоқсан сайын тағайындалатын болады. Яғни, өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағйындалады.

2. Отбасының еңбекке жарамды бір мүшесі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысудан бас тартқан жағдайда, АӘК 6 айға дейін отбасының барлық мүшесіне тағайындалмайды.

3. АӘК алушы әлеуметтік келісім шартты негізсіз себептермен бұзған жағдайда, АӘК төлеу тоқтатылып, әлеуметтік келісім шартты бұзған күннен бастап 6 айға дейін ол отбасына АӘК тағайындалмайды.

4. АӘК алушы жалған ақпарат бергені анықталған жағдайда, ол отбасына 6 айға дейін АӘК тағайындалмайды.

5. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес бала күтімінде отырған адамдарға бала 3 жасқа толғанға дейін ақысыз еңбек демалысы беріледі. Осыған сәйкес баласы 3 жасқа толған адамдар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығы беріледі.

Табысы аз отбасылардағы балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу туралы. 2020 жылдың қаңтарынан бастап кепілді әлеуметтік пакет ұсынылып, онда аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдауға ерекше назар аударылады:

- 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар азық-түлік жиынтығымен және гигиена заттарымен қамтамасыз етіледі;

- 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектепте ыстық тамақпен, оқу құралдары мен мектеп киімдерімен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар мектепке бару шығындары өтеледі.

- 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық, оның ішінде стоматологиялық және кепілдендірілген тегін медициналық көмек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетіледі.



  • Жарияланған күні: 17.01.2020 05:53
  • Жаңартылған күні: 18.01.2020 12:10
  • Көргендер саны: 99
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі