15.09.2019

Валюта бағамы:

«Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты іс-шара өтті

«Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты іс-шара өтті

Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік шара өткізілді. Жиында аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, тіл жанашырларын аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сонымен бірге, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрайымы Раева Күлжауһар Төлегенқызы филиал атынан түрлі салада белсенділігімен көзге түскен қызметкерлерге алғыс хат табыстады. Мерекелік шара аудандық мәдениет үйі жанындағы «Халық театрының» ұйымдастыруымен поэзиялық - лирикалық кешке жалғасып, қазақтың ұлы ақындары Абай Құнанбайұлы, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, тағы да басқа ақындардың өлеңдері оқылып, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.

  • Жарияланған күні: 11.09.2019 03:50
  • Жаңартылған күні: 11.09.2019 17:16
  • Көргендер саны: 32
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі