26.02.2020

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданы әкімі М. Қалдарбековтың халық алдындағы есеп беру кездесуі басталды

Қармақшы ауданы әкімі М. Қалдарбековтың халық алдындағы есеп беру кездесуі басталды

Бүгін аудан әкімі М. Қалдарбековтың шалғай елді мекендерде халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті. Алғашқы есеп беру кездесуі Кеңес Одағының батырының есімімен аталған Тәйімбет Көмекбаев ауылдық округінде басталды. Бұл ауылдық округ Жосалы кентінен 120 шақырым қашықтықта орналасқан. Жиын барысында алғашқы сөзді ауылдық округ әкімі Ғалымжан Ақжігітов алып, 2019 жылы атқарылған жұмыстарды талдап айтып өтті. Қазіргі таңда ауылдық округ мектеп, балабақшамен толық қамтылған. Ауыз су мәселесі түбегейлі шешілген. Ауылдық округ тұрғындарына 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы халық алдындағы есебі туралы аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы баяндады. Өткен жылы Көмекбаев ауылдық округі бойынша Қуаңбаев көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, №185 орта мектептің бу қазандығын сұйылтылған газге ауыстыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 23,1 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды. Алдағы жылы ауылдық округте нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, өндіріс пен қызмет көрсету бағытында кәсіпкерлік жобаларды іске асыру міндеті жүктеліп отыр. Кездесу соңында тұрғындар тарапынан сауалдар қойылып, аудан басшысынан тұщымды жауаптарын алды.





  • Жарияланған күні: 22.01.2020 11:02
  • Жаңартылған күні: 23.01.2020 00:44
  • Көргендер саны: 90
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі