24.02.2019

Валюта бағамы:

«Нұр отан» партиясының кубогы сарапқа салынды

«Нұр отан» партиясының кубогы сарапқа салынды

«Нұр Отан» партясы Қармақшы аудандық филиалының және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толуына орай футболдан аудандық ашық бірінішілік болып өтті. Жарыстың қорытынды кезеңінде сөз алған «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан партияның жиырма жылдық мерейлі мерекесінде өткізіліп отырған шараларға тоқталып, жарыс жеңімпаздарын марапаттады. Аудандық ашық біріншілікке жалпы 13 команда 120 спортшы қамтылды. Жарыс қорытындысымен І орынды - №250 мектеп-лицейінің командасы, ІІ орынды - №26 орта мектебінің командасы, ІІІ орынды - №30 орта мектебінің командасы иеленді. Сонымен бірге «Үздік ойыншы» номинацисымен - №30 орта мектебінің ойыншысы Сұлтанбеков Рахат, «Үздік шабуылшы» номинацисымен – «Рай больница» командасының ойыншысы Көкеев Жасұлан, «Үздік қорғаушы» номинацисымен – №250 мектеп-лицей командасының ойыншысы Жунусов Сабихан, «Үздік қақпашы» номинацисымен – «Рай больница» командасының ойыншысы Боранбаев Сағындық, «Үздік сұрмерген» номинацисымен – №183 орта мектебінің ойыншысы Мергенбаев Берікбол марапатталды. Үздік деп танылған спортшылар мен жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен партия кубогі табысталды.

  • Жарияланған күні: 29.01.2019 10:36
  • Жаңартылған күні: 29.01.2019 19:27
  • Көргендер саны: 59
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі