17.08.2019

Валюта бағамы:

«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы өтті

«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы өтті

«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлының төрағалығымен аудандық партия филиалының кезектен тыс XХVІ конференциясы өтті. Күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша, «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының 2019 жылдың І-жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлы баяндама жасап, делегаттар тарапынан сараланды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің құрамы, партияның басты күші – бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерімен, аудандық мәслихат депутаттарымен толығып, төрағалардың үлесі 50 пайызға артты. Жиынның соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша делегаттардың қолдауымен, тиісті қаулылар қабылданды. Сонымен қатар 9 маусым күні өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында үгіт-насихат жұмыстарына атсалысқан партия белсенділері марапатталды.

  • Жарияланған күні: 01.08.2019 01:14
  • Жаңартылған күні: 06.08.2019 12:06
  • Көргендер саны: 82
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі