15.10.2019

Валюта бағамы:

Ауыл спортшыларының «Алтын күз - 2019» облыстық спартакиадасы спортшыларымыздың жеңісімен аяқталды

Ауыл спортшыларының «Алтын күз - 2019» облыстық спартакиадасы спортшыларымыздың жеңісімен аяқталды

Қармақшы ауданында өткізілген ауыл спортшыларының XXХІІІ-ші «Алтын күз -2019» облыстық спартакиасы жеңісті мәресінеде келіп жетті. Ауылдық спортшылардың спартакиадасына айдынды Аралдан бастап Қартаудың баурайындағы Жаңақорған ауданына дейінгі ауыл спортшылары қатысты. Спорттың 16 түрінен футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, қол күрес, шахмат, гір спорты, асық ату, бес тас, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, Президенттік көпсайыс, көкпар, теңге алу, аударыспақ өткізілген шараға 1000-нан аса спортшы қатысты. «Алтын күз - 2019» спартакиадасының жабылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бұқаралық спорт» бөлімінің басшысы Сихымов Ғалым Бітімбайұлы жеңімпаздарды құттықтап, алғыс хат дипломдармен марапаттады. Шара соңында Ауыл спортшыларының «Алтын күз» облыстық спартакиадасының ауыспалы туын Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мырзабаев Нұрбол Төлендіұлы Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлжанов Толыбай Шалғынбайұлына табыстады. Спартакиаданың нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте үшінші орынды Сырдария ауданы командасы, екінші орынды Шиелі ауданы командасы қанжығасына байласа, Қармақшы ауданының командасы бас жүлдені жеңіп алды.

  • Жарияланған күні: 08.10.2019 11:43
  • Жаңартылған күні: 08.10.2019 11:48
  • Көргендер саны: 36
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі