22.04.2019

Валюта бағамы:

Командалық-штабтық оқу - жаттығуы өткізілді

Командалық-штабтық оқу - жаттығуы өткізілді

Жосалы кенті орталығында «Қыс және көктем кезеңінде су тасуының қолайсыз дамуы жағдайындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін жүргізілетін авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығу барысында көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатыстырылатын авариялық-құтқару құрамаларының саптық қарауы Жосалы кенті, Ораз ахун көшесінің бойында өткізіліп, азаматтық қорғау қызметтеріне күш-құралдардарын, жанар-жағар май қоры мен инертті материалдарын үнемі дайындыққа ұстау тапсырылды. Сонымен қатар, су тасуы кезінде эвакуациялық жинақтау және қабылдау бекеттері жұмыстарының ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялық қабылдау пунктінің көшірілген халықты қабылдау және орналастыру кезіндегі іс – қимылдары, ұйымдастырылуы, тиісті құжаттары тексерілді. Шараға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс бөлімі әскери жұмылдыру жұмысы тобының аға офицері подполковник Ә.Қуандықов, Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау майоры Т.Еркебаев және Қармақшы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен тиісті сала мамандары қатысты.

  • Жарияланған күні: 06.02.2019 09:58
  • Жаңартылған күні: 07.02.2019 12:22
  • Көргендер саны: 123
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі