01.06.2020

Валюта бағамы:

Парламент Сенатының депутаттары ауданынымызда жұмыс сапарымен болды

Парламент Сенатының депутаттары ауданынымызда жұмыс сапарымен болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Еламанов Бекмырза Қайыпұлы, Мұрат Бақтиярұлы және Дана Нұржігіт Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан активімен кездесу өткізді. Кездесуге аудан активі, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында ҚР Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар, қабылданған заңдар мен алдағы уақытта депутаттардың назарына ұсынылатын жобалар төңірегінде кеңінен әңгімелеп берді. Әсіресе халық қалаулылары жақында ғана қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңға ерекше тоқталды. Әрі қарай жиынға қатысушылар сұрақтарын қойып, Парламент Сенатының депутаттары жауап беріп, мәселеге байланысты өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Басқосу соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Әділ Қошалақов ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген депутаттарға алғысын айтты.

  • Жарияланған күні: 09.01.2020 04:22
  • Жаңартылған күні: 09.01.2020 17:08
  • Көргендер саны: 332
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі