26.02.2020

Валюта бағамы:

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының сомасы 10,8 триллион теңгеден асты

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының сомасы 10,8 триллион теңгеден асты

Қазақстанның маңызды қаржы институттарының бірі – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылды қорытындылады.

2020 жылдың 1 қаңтарына қарай барлық көрсеткіштер бойынша даму серпіні оң сипатқа ие. Нақты айтсақ, 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қордың зейнетақы жинақтары 10,8 триллион теңгеден асты. Ал жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 10 миллионнан асып отыр. Дәлірек – 10 672 567 бірлікті құрап, бір жыл ішінде 3 пайызға өсті. Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған – 9,9 млн бірлік. Бұдан кейінгі орында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша ашылған шоттар – 0,5 млн бірлік. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша да өсім байқалады. 2019 жылдың соңына қарай ЕЗЖ бойынша ашылған шоттардың саны – 54 365 бірлікке жетіп, 2018 жылғы көрсеткіштен салыстырғанда 14 пайызға көбейді.

Зейнетақы жинақтарының басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан. МЗЖ есебінен жиналған жинақ ақша 10,6 трлн теңгені құрап, 2019 жылдың басынан бері 15 пайызға өсті.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 246,1 млрд теңгеге (өсім – 25%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 1,9 млрд теңгеге (өсім – 4%) жетті.

2019 жылдың басынан бері салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс – 641,8 млрд теңге. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы – 6,57 пайыз. Ал инфляция деңгейі – 5,4 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы оң сипатқа ие.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының орташа сомасы тұрақты жарна аудару барысында 4 млн теңгеден асты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылы атқарған қызметтерін алдын ала қорытындылады

Міндетті зейнетақы жарналарын зейнетақы қорына 1998 жылдан бері тұрақты аударып келе жатқан салымшылардың шоттарындағы орташа жинақ сома ерлерде – 5,8 млн теңге, әйелдерде – 4,4 млн теңге. Бұл барлық салымшылардың шоттары бойынша алынған сан.

2019 жылдың қорытындысы бойынша салымшылардың МЗЖ есебінен ашылған шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы – 1,1 млн теңге (2018 жылмен салыстырғанда өсім – 11%), МКЗЖ бойынша – 500,2 мың теңге (өсім – 17%) және ЕЗЖ бойынша – 48,6 мың теңге болды.

2019 жылы БЖЗҚ-да белсенді салымшылардың саны – 6,6 млн адамды құрады.

Зейнетақы шоттарына жарналар орташа есеппен – 8,13 рет аударылды.

МЗЖ бойынша қалыптасқан жинақтардың орташа сомасы ерлерде – 1,2 млн

теңге (жыл басынан бергі өсім – 10%), ал әйелдерде – 942,2 мың теңге (жыл басынан бергі өсім – 12%).

БЖЗҚ өзінің салымшыларына 210 миллиард теңгеден астам қаражат төледі

2019 жылдың 12 айында 314 мыңнан астам алушы үшін 210 миллиард теңгеден астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды. Оның ішінде:

- зейнет жасына толуға байланысты – 69,8 млрд теңге;

- мүгедектігі бар жандарға – 1,8 млрд теңге;

- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 50,5 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша – 27,9 млрд теңге;

- жерлеуге байланысты – 3,2 млрд теңге;

- өмірді сақтандыру бойынша ұйымдарға – 56,9 млрд теңге

- басқа тұлғаларға – 0,1 млрд теңге төленді.

Кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 21 165 теңге, ай сайынғы ең жоғары төлем – 514 666 теңге болды. Салыстыра қарасақ, 2018 жылы БЖЗҚ-дан 168,6 млрд теңге төленді. Бұл жерде өсім сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдарға байланысты болып отыр. Мысалы, 2018 жылы 26 млрд теңге, ал 2019 жылы бұдан екі есе жоғары – 56,9 млрд теңге аударылды. Оған басты себеп – былтырғы жылы зейнетақы аннуитетін алу үшін міндетті зейнетақы жарналарымен (МЗЖ) бірге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан (МКЗЖ) қалыптасқан жинақтарды пайдалану мүмкіндігі туындады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

  • Жарияланған күні: 10.02.2020 06:54
  • Жаңартылған күні: 10.02.2020 18:59
  • Көргендер саны: 63
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі