19.05.2019

Валюта бағамы:

«Бозторғай» облыстық байқауына жолдаманы иеленді

«Бозторғай» облыстық байқауына жолдаманы иеленді

Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде ауданымыздың бүлдіршіндері мен жасөспірімдерінің шығармашылығына арналған ХХІ облыстық «Бозторғай» байқауының аудандық іріктеу туры өткізілді. Конкурсты өткізудің басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің музыкалық шығармашылығын насихаттау, жаңа заманауи туындыларды жасауды жандандыру, жас таланттарды табу, оларға қолдау көрсету, мәдениет пен өнерді дамыту. Конкурс вокал, хореография, халықтық орындау, аспапта ойнау, көркемсөз оқу жанрлары бойынша өткізіліп, оған 14 ауылдық клуб үйінен және аудандық мәдениет үйі мен әуез мектебінің үйірме мүшелері қатысты. Байқауда бақ сынасқан өнерпаздарға тағайындалған қазылар алқасы төрелік етті. Жүзден жүйрік озған талапкерлер халықтық орындау жанры бойынша 10 үміткер, көркемсөз жанры бойынша 6 үміткер, ән жанры бойынша 10 үміткер, би жанры бойынша 6 би топтары облыстық байқауға жолдама алды.

  • Жарияланған күні: 14.03.2019 10:06
  • Жаңартылған күні: 14.03.2019 09:08
  • Көргендер саны: 136
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі