18.11.2019

Валюта бағамы:

Облыстық ардагерлер семинары өтті

Облыстық ардагерлер семинары өтті

Байқоңыр қаласында облыс ардагерлерінің семинары өтті. Семинарға облыстың әр ауданынан, бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері, жалпы саны 100 адам қатысты. Ардагерлер алдымен №277 мектеп-лицейінің 600 орындық акт залында «Қарттарым – асыл қазынам» атты семинарға қатысты. Семинардың алғы сөзінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев шараның өткізілу мақсатымен таныстырып, облысымызда ардагерлерге көрсетіліп жатқан қамқорлық, оның ішінде облыс әкімдігінің қолдауымен өткізіліп жатқан мәдени шаралар туралы баяндады. Семинар барысында Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Н. Адасев, облысқа еңбегі сіңген ардагерлер Қ. Шапшанов, Н.Ұлықпанұлы, С.Аңсат, Байқоңыр қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Алмаханов және №277 мектеп-лицейінің жас маманы Қ.Темірхановалар тақырып аясында пікірлерін зерделеп, өз ойларын білдірді. Семинар соңында қатысушылар қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Ардагерлердің облыстық семинары одан әрі қаланың мәдени орындарымен және қалалық ардагерлер үйінің жұмысымен танысумен жалғасты. Делегация мүшелері алдымен ардагерлер үйінде болып, ардагерлер үйінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, делегация мүшелері бағдарламаға сәйкес, «Союз» ғарыш кемесі монументінде естелік суретке түсіп, келесі жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығының тойлануына орай, ескерткіш жанында ақынға арналған құран бағыштады.

  • Жарияланған күні: 10.10.2019 07:19
  • Жаңартылған күні: 10.10.2019 19:22
  • Көргендер саны: 116
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі