12.07.2020

Валюта бағамы:

Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні «Азаматтарға арналған үкімет» Байқоңыр қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығы Байқоңыр қалалық бөлімінде «Сот органдарынана шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі бойынша Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің бас маманы Б.Рысмамбетовтың қатысуымен семинар сабақ жүргізілді. Семинар соңында қатысушылар өздерінің көкейтесті сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.

Egovmobail қосымшасы

«Азаматтарға арналған үкімет» Байқоңыр қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығы Байқоңыр қалалық бөлімінің мамандары азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Мамандар Байқоңыр қаласы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі қызметкерлеріне Халыққа қызмет көрсету ораталығына бармай-ақ «egov.kz», «egov mobile» және «TelegramBot» мобильді қосымшалары арқылы уақытты үнемдеп, онлайн қызмет алу жолдарын түсіндірді.


Байқоңыр қалалық ХҚК баспасөз қызметі


  • Жарияланған күні: 05.03.2020 10:47
  • Жаңартылған күні: 06.03.2020 18:47
  • Көргендер саны: 239
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі