09.04.2020

Валюта бағамы:

Мектеп оқушылары арасында спартакиада өтті

Мектеп оқушылары арасында спартакиада өтті

Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз» атты ұлттық спорт түрлерінен аудандық спартакиада жарысы өтті. Аудан бойынша 29 білім беру ұйымынан 900-ге жуық оқушы қатысты. Ұлттық ойындар спорттың 12 түрінен өткізіліп, төмендегідей нәтиже көрсетті: Гір тасын көтеру сайысында І орын №186 мектеп командасы, ІІ орын №250 мектеп-лицейінің командасы, ІІІ орын №108 мектеп командасы. Тоғызқұмалақтан І орынды №85 мектеп командасы, ІІ орынды №30 мектеп командасы, ІІІ орынды №113 мектеп командаларының оқушылары. Ләңгі тебу сайысында І орын №106 мектептің командасы, ІІ орынды №279 мектеп командасы, ІІІ орынды №29 мектеп командасы. Бес асық сайысында І орын №109 мектеп командасы, ІІ орын №107 мектеп командасы, ІІІ орын №85 мектеп командасы. Мергендер сайысы І орын №250 мектеп-лицейінің командасы, ІІ орын №107 мектеп командасы, ІІІ орынды №26 мектеп командасы. Жаяу жарыс сайысы бойынша І орынды №109 мектеп командасы, ІІ орынды №26 мектеп командасы, ІІІ орынды №279 мектеп командасы. Шоқпарласу сайысында І орын №80 мектеп-гимназия командасы, ІІ орын №107 мектеп командасы, ІІІ орын №26 мектеп командасы. Асық ату сайысында І орын №85 мектеп командасы, ІІ орын №106 мектеп командасы, ІІІ орын №26 мектеп командасы. Бұқа тартыс сайысында І орын №275 мектеп командасы, ІІ орын №28 мектеп командасы, ІІІ орынды №85 мектеп командасы. Арқан тарту сайысында І орын №108 мектеп командасы, ІІ орын №30 мектеп командасы, ІІІ орынды №279 мектеп командасы. Белдеспек сайысынды І орынды №85 мектеп командасы, ІІ орынды №107 мектеп командасы, ІІІ орынды №28 мектеп командасы иеленді. Жалпы командалық есеп бойынша І орынмен 2-ші аймақтың №106, 107, 108, 109, 199 мектептерінің, ІІ орынмен 5-ші аймақтың №80, 85, 99, 269, 279 мектептерінің, ІІІ орынмен 3-ші аймақтың №26, 27, 121, 113 мектептерінің құрама командалары марапатталды. Барлық жүлделі орындарды иеленген командаларға аудандық білім бөлімінің дипломдары мен алғыс хаттары табысталды.

  • Жарияланған күні: 11.03.2020 06:58
  • Жаңартылған күні: 11.03.2020 19:01
  • Көргендер саны: 90
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі