19.11.2019

Валюта бағамы:

«Протон-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

«Протон-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Қармақшы ауданы Диірментөбе елді мекенінің аумағында үстіміздегі жылдың 31 қазан - 1 қараша аралығында «Протон-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың аварияларымен байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару, өңірлік құрылымдық күштердің дайындығын пысықтау болып табылады. Тәжірибелік іс-қимылға төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі республикалық комиссиялар, эвакуациялық комиссиялар, азаматтық қорғау қызметтері, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысты. Сонымен бірге оқу – жаттығуына 63 техника мен 450-ге жуық адам жұмылдырылды.

  • Жарияланған күні: 04.11.2019 10:15
  • Жаңартылған күні: 04.11.2019 16:33
  • Көргендер саны: 55
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі