17.08.2019

Валюта бағамы:

Құрбан айт мерекесі

Құрбан айт мерекесі

Асыл дініміздің басты мерекелерінің бірі Құрбан айт мерекесі Қармақшы ауданында жоғары деңгейде аталып өтілді. Таң сәріде «Қармақшы ата» мешітіне келген жұртшылықты ауданның бас имамы Ж. Әбенов Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, «Қармақшы ата» мешітінің бастамасымен қолға алынған «ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ» жобасы аясында Жосалы кентіндегі 2 мұқтаж отбасына 2 пәтер кілтін табыстады. Айт намазынан кейін арнайы белгіленген орынға жамағат құран бағыштап, құрбандық шалды. Сондай-ақ, мешіт жанында қол күрес, асық ату, гір көтеру, арқан тарту секілді спорттық ойындардан сайыстар өтті. Өзіндік ойын өрнегін көрсеткен командалар мен сайысқа қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды. Жиналған көпшілік ақ дастарқаннан дәм татып, айттан айтқа аман-есен жетейік деген жақсы ниетпен үйлеріне тарқасты.

  • Жарияланған күні: 12.08.2019 10:12
  • Жаңартылған күні: 12.08.2019 10:25
  • Көргендер саны: 34
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі