18.09.2019

Валюта бағамы:

Құрылыс қарқыны қуантады

Құрылыс қарқыны қуантады

Құрметті жерлестер, осы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 1 млрд. 200 млн. теңге қаржы бөлінді. Атап айтатын болсақ: Жосалы кентіндегі Қармақшы аграрлы-техникалық колледж ғимараттарын күрделі жөндеуге 429,6 млн. теңге; "К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйі" ғимаратын күрделі жөндеуге 48,2 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Сонымен бірге №27, №30. №107 мектептерді күрделі жөндеуге аудандық бюджеттен жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге 10,6 млн. теңге қаржы бөлінсе, қазіргі таңда күрделі жөндеуге №27 орта мектепке 143,9 млн. теңге, №30 орта мектепке 241,7 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Жаңажол ауылындағы №107 орта мектепке қаржы бөлуге тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Биылғы жылы Жосалы кентінің 8 көшесіне, яғни
Қасымов көшесін орташа жөндеуге – 79,9 млн. теңге,
Т. Рысқұлов көшесін орташа жөндеуге - 30,4 млн. теңге,
Е. Сексенбаев көшесін орташа жөндеуге - 55,8 млн.теңге,
Ораз Ахун көшесін орташа жөндеуге - 49,1 млн.теңге,
Ібаш Жырау көшесін орташа жөндеуге – 22,4 млн. теңге,
Қ. Наметша көшесін орташа жөндеуге 35,3 млн. теңге,
Нұртай көшесін орташа жөндеуге - 11,4 млн. теңге,
Қайырбекұлы көшесін орташа жөндеуге -29,9 млн. теңге және аудандық бюджеттен Теміржол көшесіне тас төсеуге 13,8 млн. теңге қаржы бөлініп қазіргі таңда аталған жұмыстарға мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар көп жылдардан бері шешімін таппай келген аудан бойынша бес мектептің бу қазандықтарын дербес орналастыру үшін жоба сметалық құжаттарына аудандық бюджеттен 11,4 млн теңге қаржы бөлінсе, осы жылы құрылыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен барлығы – 210,2 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өздеріңізге белгілі кентіміздегі бірқатар көшелердегі электр желілерінің тозығы жеткен немесе тұрғындар өз күштерімен жүргізіп алған. Бұл қыс айларындағы тынымсыз желдер мен ұйтқып соққан борандардың кезінде электр желілері сөніп қалып немесе электрдің кернеуі көбейіп кетіп тұрғындарды әбігерге түсіретін еді. Осы мәселелерді шешу мақсатында аудандық бюджеттен 5,8 млн. теңге қаржы бөліп жоба сметалық құжат әзірленіп, осы жылы республикалық бюджеттен 62,2 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Бұл бағытта кент бойынша ұзындығы 8,5 км 18 көшенің электр желілері және 4 дана (КТПН-400 квт 2 дана КТПН-250 1 дана) ауыстырылатын болады. Сонымен бірге Жосалы кентіндегі 220/35/10 квт «Жосалы» қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасын жүзеге асыруға, осы жылға 610,6 млн. теңге қаржы бөлініп, осы айда құрылыс жұмыстары басталатын болады. Жосалы кентін табиғи газға қосу бойынша құрылысын жүргізу үшін 753,0 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп жатыр. Құрметті аудан тұрғындары осы жылдың өзінде бір ғана Жосалы кенті бойынша республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден 2 млрд. 900 млн. теңге жуық қаржы бөлініп отыр. Бір жылға бір елді мекенге қомақты қаржы. Қаржы оңайлықпен келмейді. Сондықтан бөлінген қаржыларды мақсатты, сапалы, уақытылы игеру үшін жұмыс жасауымыз қажет.

  • Жарияланған күні: 07.06.2019 04:00
  • Жаңартылған күні: 16.06.2019 19:30
  • Көргендер саны: 201
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі