26.05.2020

Валюта бағамы:

Сақтық шаралары күшейтілуде

Сақтық шаралары күшейтілуде

Аудан орталығындағы қоғамдық орындар алаңдар мен теміржол вокзалы, базар маңдары мен сауда нысандарының, басқа да адамдар көп жиналатын орындарда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында дезинфекциялау шаралары жүргізілуде.

Ауданда іс-қимыл алгоритмі әзірленіп, жедел штаб жұмыс істеуде.

Карантин кезінде:

- азық-түлік тауарлары, дәрі -дәрмек, медициналық заттарды және басқа да тұрғындардың өмір сүруіне ең қажетті қызмет түрлерін қоспағанда, аудан аумағына автокөліктерге 14 тәулікке дейін кіріп шығуға қатаң тыйым салынды.

- Қала және ауданаралық автокөліктер мен такси қызметінің қатынауына, қалааралық және ауданішілік таксилердің жүруіне тыйым салынды.

-Азық-түлік дүкендерінің минимаркеттердің, азық-түлік сөрелерінің, дәріханалардың және бірінші кезекте ең қажетті тауарлар саудасының жұмысына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етіледі.

- Қоғамдық моншалар мен автожуу қызметі толығымен тоқтатылады.

- Қажеттілікке байланысты кәмелетке толмағандар отбасының ересек мүшелерімен бірге және ересектердің тұрғын үйлерінен шығып 3 адамнан артық топтасып жүруіне кешкі сағат 21:00-ден кейін жол берілмейді.

Тұрғындар барлық алдын алу шараларын ұстануы керек: қолды сабынмен мұқият жуып, қол беріп амандасудан бас тарту қажет. Жеке гигиеналық заттарын пайдаланып, гаджеттерді/оргтехниканы дезинфекциялау, ЖРВИ белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты болдырмау, үйден қажетсіз шықпау және адамдар көп жиналатын жерлерге бармау талап етіледі.


  • Жарияланған күні: 03.04.2020 08:57
  • Жаңартылған күні: 06.04.2020 19:24
  • Көргендер саны: 135
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі