22.07.2019

Валюта бағамы:

Шалғай ауылдағы мектептің жылу маусымына дайындығы пысықталды

Шалғай ауылдағы мектептің жылу маусымына дайындығы пысықталды

Аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы кент орталығынан шалғай орналасқан Тәйімбет Көмекбаев ауылында болып №185 орта мектептегі жылу қазандығын сұйытылған газға ауыстыру жұмыстарының барысымен танысты. Айта кететін болсақ 2018 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 1,2 млн теңгеге №185 орта мектептің жылу қазандығын сұйытылған газға ауыстыруға арналған «Берекет Проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы құны 24,4 млн теңге құрайтын жоба-сметалық құжаттама әзірлеген болатын. Осы ретте биылғы жылы аудандық бюджеттен 23,1 млн теңге қаржы бөлініп №185 орта мектептің жылу қазандығын сұйытылған газға ауыстыру жұмыстарына ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен «AOS and limited» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды. Аталған серіктестікпен 2019 жылғы 11 сәуірінде 20,4 млн теңгеге келісім- шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары мамыр айында басталды. Бүгінгі таңда №185 орта мектептің жылу қазандығын сұйытылған газға ауыстыру құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен бітті. Дәл осындай жоба Қуаңдария, Алдашбай Ахун ауылдарындағы мектептердің бу қазандықтарын сұйытылған газға көшіру бойынша әзірленді. Алдағы уақытта бұл мектептердің де бу қазандықтары газға көшірілетін болады. Бұл өз кезегінде, жылу маусымында отын шығындарын азайтып, бюджет қаржысын 3 есеге дейін үнемдеуге мүмкіндік туғызады.

  • Жарияланған күні: 21.06.2019 12:17
  • Жаңартылған күні: 24.06.2019 10:58
  • Көргендер саны: 91
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі