09.12.2019

Валюта бағамы:

Ауданда «Электронды қызмет күні» және «Сапалы қызмет – сапалы өмір» атты «meet up» кездесу шарасы болып өтті

Ауданда «Электронды қызмет күні» және «Сапалы қызмет – сапалы өмір» атты «meet up» кездесу шарасы болып өтті

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында аудан орталығындағы Шәмшат Төлепова атындағы мәдениет үйінде облыстық цифрлық технологиялар басқармасының және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Электронды қызмет күні» мен көрсетілетін қызметтерді алушылар және қызметті көрсетуші мемлекеттік органдар арасында «Сапалы қызмет – сапалы өмір» атты «meet up» кездесу шарасы болып өтті. Кездесуді аудан әкімі аппаратының басшысы Берік Бектайұлы Шерниязов ашып, шараның мақсат, міндеті жайлы айта келіп, аудан тұрғындарын облыс, аудан көлемінде электронды қызмет үлесін арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралардың барысымен хабардар етті. Шара барысында электронды қызметтер алудың ыңғайлылығы мен қолжетімділігін кеңінен насихаттау, қызмет алушылар мен қызметті көрсетушілер арасында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне түсіндірме жүргізу арқылы сенімді қарым-қатынас қалыптастыру, тұрғындарды электронды санды қолтаңбамен қамту мақсатында 8 аудандық бөлім, мемлекеттік корпорация қызметкерлері салалары бойынша көрсетілетін қызметтер туралы түсіндірме жүргізіп, консультациялық кеңестерін ұсынды және тұрғындар тарапынан қызығушылық танытқан сұрақтарына жауаптарын берді. «Электронды қызмет күні» мен көрсетілетін қызметтерді алушылар және қызметті көрсетуші мемлекеттік органдар арасында «Сапалы қызмет – сапалы өмір» атты «meet up» кездесу шарасына аудан тұрғындарының қызығушылығы жоғары деңгейде болды. Шара барысында 98 адамға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты-кеңес беріліп, 19 адам электронды санды қолтаңбамен қамтылды. Жалпы шараға кент орталығының 193 тұрғыны қатысты. Аудан әкімдігі және аудандық бөлімдер тарапынан «Электронды үкімет» веб-порталының бүгінгі қоғамдағы рөлі, электронды қызметтерді алудың ыңғайлылығы және осы саладағы үгіт-насихат шаралары туралы түсіндірме хабарламалар жасалды.


  • Жарияланған күні: 29.11.2019 04:47
  • Жаңартылған күні: 29.11.2019 17:03
  • Көргендер саны: 41
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі