16.12.2018

Валюта бағамы:

Әлемнің нұры әйелдер

Әлемнің нұры әйелдер

Аудандық мәдениет үйінде аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Әлемнің нұры әйелдер» тақырыбында 8–наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай білім саласы қызметкерлерінің салтанатты жиыны болып өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары М.Самитов, білім бөлімінің басшысы Ж.Омаров, "Қазақ тілі" Халықаралық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Құлдүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов, аудандық мәслихат депутаттары, білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары М.Самитов білім саласындағы ардагер ұстаздар мен қыз – келіншектерді 8-наурыз әйелдер күні мерекесімен құттықтап алғыс хаттар тапсырды. Салтанатты шара білім саласының өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.

  • Жарияланған күні: 05.03.2018 03:53
  • Жаңартылған күні: 12.03.2018 15:47
  • Көргендер саны: 490
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі