18.09.2019

Валюта бағамы:

«Текті сөздің төресі – терме» тақырыбында жыр керуені өткізілді

«Текті сөздің төресі – терме» тақырыбында жыр керуені өткізілді

Қармақшы аудандық "Жас ұлан" ұйымы және Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебінің ұйымдастыруымен "Текті сөздің төресі-терме" тақырыбында жыр керуені өткізілді. Аталмыш шараға облыстан 20-дан аса қонақтар келіп, Тұрмағамбет атындағы саябақта орналасқан Т.Ізтілеуов ескерткішіне тәу етті. №29 орта мектебінің директоры Зәрипа Жаппарқызы мектеп мұражайындағы құнды жәдігерлермен ауылдың тарихымен таныстырып өтті. Сонымен қатар "Жас ұлан" сағаты өткізіліп, оқушылар Тұрмағамбет атамыздың өмірі, шығармашылығы туралы көп мәліметтермен қанықты. Ауылдық мәдениет үйінде өткізілген "Текті сөздің төресі-терме" атты жыр керуенінде аудандардан келген жас термешілер мен Тұрмағамбет ауылының өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Кеш соңында облыстық "Жас ұлан" ұйымының атқарушы хатшысы Гүлайым Ермекбайқызы жас термешілерге арнайы дипломдармен бағалы сыйлықтар табыстады.

  • Жарияланған күні: 06.05.2019 10:15
  • Жаңартылған күні: 06.05.2019 18:10
  • Көргендер саны: 268
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі