22.07.2019

Валюта бағамы:

Тұрмағамбет ауылында құрылыс нысандары қарқынды жүруде

Тұрмағамбет ауылында құрылыс нысандары қарқынды жүруде

Аудан әкімі Сұлтан Мақашов Тұрмағамбет ауылында жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарын көріп, атқарылған жұмыстардың барысымен танысты. Атап айтар болсақ, тәулігіне 1 тонна сүт өңдейтін цех құрылысы тамыз айында аяқталып іске қосылмақшы. Онда айран, сүт, балмұздақ, ірімшік, балқаймақ секілді бес түрлі сүт өнімі өңделіп сатылымға шығарылмақ. Жалпы құны 32 млн теңгеге бағаланған цехтің бүгінде әрлеу жұмысы жүргізілуде. Қазір шаруашылық басшылығы цехті керекті құрылғымен жабдықтауда Ресейдің Екатеренбург қаласымен келіссөздер жоспарлануда. Сонымен бірге серіктестік есебінен жалпы көлемі 576 ш.м. құрайтын 100 орындық ясли-бақша құрылысыда қазіргі кезде қарқын алған. Бір ерекшелігі жаңа ғимараттың жылу жүйесі көгілдір отынға негізделмек. Бәрі ойдағыдай атқарылса аталған балабақша құрылысы да тамыз айында ел игілігіне беріледі. Сонымен бірге ауыл орталығындағы «Орталық алаң» құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылысты «ҚАСИЕТ LTD» ЖШС жұмыстарды өз кезеңімен атқарылуда.

  • Жарияланған күні: 03.07.2019 10:14
  • Жаңартылған күні: 03.07.2019 18:23
  • Көргендер саны: 77
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі