22.04.2019

Валюта бағамы:

Тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі түсіндірілді

Тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі түсіндірілді

Бүгін Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Дауылкөл ауылдық округтерінде медициналық қызметкерлерімен бірлесіп міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кең көлемді акциясы өтті. Құрамында денсаулық сақтау жүйесінің алдыңғы қатарлы мамандары салық комитеті аймақтық департаменттерінің мамандары бар арнаулы мобильдік топтар кездесулер мен семинарлар өткізіп, МӘМС-ті енгізуге байланысты ауыл тұрғындары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады. Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейді. МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады. Қазақстанда қолданыстағы тәжірибеге сай МӘСҚ-ға түсетін жарналарды бақылау ісін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіне жүктеу ұсынылды.

  • Жарияланған күні: 04.04.2019 07:24
  • Жаңартылған күні: 05.04.2019 11:05
  • Көргендер саны: 48
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі