22.07.2019

Валюта бағамы:

Қалтаңыздағы ХҚКО - Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы алуды үйретуде

Қалтаңыздағы ХҚКО - Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы алуды үйретуде

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша Байқоңыр калалық бөлімі кызметкерлері халықтың цифрлық сауатын арттыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде азаматтарға электронды үкімет порталы аркылы мемлекетгік кызметтерді алуды оқытатын цифрлык ХҚО еліміздің барлық облысында ашылған. Бұған коса халыкқа кызмет корсету орталықтарында смартфон арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды үйрететін аймақтар ашылып жатыр. ХҚО мамандары қызмет алушылардың телефондарына Telegram мен Mgov қосымшаларын орнатып беруге көмектесіп, түрлі анықтамалар мен қызметтерді алу ретін түсіндіріп беруде. Бүгінде Telegram қосымшасындағы EgovKzBot арқылы 24 қызмет қолжетімді. «Онлайн болу - заман талабы. Қалтаңыздағы смартфон халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, сұранысқа ие мемлекеттік кызметтерді жылдам алуға көмектеседі. Көрсетілетін электрондык кызметтер санының артуына байланысты мемлекеттік корпорация халық арасында қызметтерді онлайн алуды үйрететін шаралар өткізіп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруда. Бұл косымшаларды пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті. Оны ХҚО қызметкерлері жүзеге асырады. Тәртіп бойынша қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефоны байланыстырылып, базаға енгізілуі тиіс. Бұдан бөлек бөлім қызметкерлері апта сайын емхана, әскери бөлім, жоғары оқу орындары мен өзге де мекемелерге барып, қосымшаларды пайдалану ретін үйретіп отырады.

  • Жарияланған күні: 20.06.2019 08:51
  • Жаңартылған күні: 24.06.2019 00:07
  • Көргендер саны: 91
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі