19.05.2019

Валюта бағамы:

Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған XXIV халықаралық мемориал өтті

Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған XXIV халықаралық мемориал өтті

Киелі Қармақшы жерінде самбодан ересектер арасында Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған ХХIV халықаралық мемориалға Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан мен еліміздің барлық өңірінен 9 салмақ дәрежесі бойынша 150-дей боз кілем шеберлері қатысқан жарыс аяқталды. Мемориалға Қазақстанмен бірге Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия елдерінен 15 команда 150-ге жуық самбошылар қатысып, бағын сынады. Батыр атамыздың құрметіне биылғы жылы 24-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Алғашында республикалық, он жылдан бері халықаралық дәрежеде өтіп, «Мемориал» мәртебесін алған бұл жарыс талай саңлақтардың бағын ашты, спорт әлеміндегі алғашқы баспалдағы болды. Жарыстың ашылу салтанатында облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов және батыр ұрпақтары сөз сөйлеп, балуандарға сәттілік тіледі. Cонымен бірге жерлестеріміз Әділбек Серікбаевқа, Бауыржан Райысовқа, Ғалымжан Абдрахмановқа спорттағы биік белестері үшін "Самбо саңлағы" медальдары табысталды. Өздерінің үздік тәсілімен, қызықты да тартысты белдесулерімен талайды таңқалдырған палуандар, оның ішінде Әлем, Азия жеңімпаздары Ғалымжан Әбдірахманов, Мақсат Исағабылов, Ержан Абдуллаев және Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан елдерінде өз салмақтары бойынша жеңімпаз атанған палуандар самбо күресінің тамаша үлгісін көрсетіп, көрермен көзайымы атанды. Екі күнге созылған спорттық мереке қорытындысына келер болсақ, 52 қызылордалық Дәулет Тұрғанов, 57 келіде алматылық Асхат Балтабаев, ал 62 келіде қарағандылық Рахат Жаңаниет жеңімпаз атанса, 68 және 74 келіде қызылордалық боз кілем шеберлері Ерлан Жақсыбеков пен Ғалымжан Әбдірахмановтардың мерейі үстем болды. Сонымен бірге, 82 және 90 келіде Арапхуа Ғайбалиев пен Мұрат Баймұратовтар өз салмақтары бойынша І орын иегері атанса, 100 келіде өзбек палуаны Нодир Мерхаликов, ал 100 келіден жоғары салмақта Ресейден келген Аслан Калибаев жеңімпаз атанды. Қызылордалықтар арасында Ержан Абдуллаев пен Жайдар Есенов, Дамир Әбдеков, Олжас Талапбекұлы және Марат Баймахановтар өз салмақтарында ІІ және ІІІ орын жүлдегері атанды. Мемориал соңында жылдағы дәстүрмен жарыс демеушілерінің ұйымдастыруымен өткізілген түйе палуандар сайысына қатысқан 16 түйе палуан пекі топ бойынша өзара белдесулер өткізіп, ақтық белдесуге шыққан Мақсат Исағабылов шымкенттік Нұрдәулет Мыңғышовты таза жеңіп, демеушілер тағайындаған 2 млн, теңгені қанжығасына байлады. Ал, ІІ және ІІІ орын иегерлері шымкенттік Нұрдәулет Мыңғышов пен ресейлік Аслан Калибаевтар да ақшалай жүлдемен марапатталды.

ЖЕҢІМПАЗ ЖӘНЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНҒАН СПОРТШЫЛАР

52 кг салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер
І орын Тұрғанов Дәулет Қызылорда облысы
ІІ орын Кәрібаев Ануар Ақтөбе облысы
ІІІ орын Муранов Бекнұр Қарағанды облысы
ІІІ орын Абдукалимов Өзбекстан Республикасы

57 кг салмақ дәрежесі бойынша
І орын Балтабаев Асхат Алматы қаласы
ІІ орын Тәшенов Аслан Алматы қаласы
ІІІ орын Абдуразаков Абдухамит Шымкент қаласы
ІІІ орын Алдухан Ербол Алматы облысы

62 кг салмақ дәрежесі бойынша
І орын Жананиет Рахат Қарағанды облысы
ІІ орын Қайранбеков Сұңғат Қарағанды облысы
ІІІ орын Жуманов Сүйіндік Шымкент қаласы
ІІІ орын Әбдеков Дамир Қызылорда облысы

68 кг салмақ дәрежесі бойынша
І орын Жақсыбеков Ерлан Қызылорда облысы
ІІ орын Түгелбай Аблай Атырау облысы
ІІІ орын Талапбекұлы Олжас Қызылорда облысы
ІІІ орын Дадаев Сайдур Алматы қаласы

74 кг салмақ дәрежесі бойынша
І орын Әбдірахманов Ғалымжан Қызылорда облысы
ІІ орын Камаш Дәурен Алматы қаласы
ІІІ орын Қуантаев Арнұр Алматы облысы
ІІІ орын Дадаев Даврон Алматы қаласы

82 кг салмақ дәрежесі бойынша
І орын Ғайбалиев Арапхужа Шымкент қаласы
ІІ орын Есенов Жайдар Қызылорда облысы
ІІІ орын Жақсыбеков Шерхан Жамбыл облысы
ІІІ орын Қуанов Азат Ақтөбе облысы

90 кг салмақ дәрежесі бойынша
І орын Екубов Ньемат Өзбекстан Республикасы
ІІ орын Абдуллаев Ержан Қызылорда облысы
ІІІ орын Байкамуратов Мурат Шымкент қаласы
ІІІ орын Тұрғанәлі Қазбек Түркістан облысы

100 кг салмақ дәрежесі бойынша
І орын Мерхаликов Нодир Өзбекстан Республикасы
ІІ орын Исағабылов Мақсат Қызылорда облысы
ІІІ орын Төренов Ертуған Жамбыл облысы
ІІІ орын Құдайбергенов Б. Түркістан облысы

+100 кг салмақ дәрежесі бойынша
І орын Калбиев Аслан Ресей Федерациясы
ІІ орын Исмаилов Хакимжан Өзбекстан Республикасы
ІІІ орын Қырықбаев Ғалымжан Жамбыл облысы
ІІІ орын Баймаханов Марат Қызылорда облысы

Түйе палуандар сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

І орын Исағабылов Мақсат Қызылорда облысы
2 000 000 теңге
ІІ орын Мыңғышов Нұрдәулет Шымкент қаласы
1 000 000 теңге

ІІІ орын Калбиев Аслан Ресей Федерациясы 500 000 теңге

  • Жарияланған күні: 08.05.2019 09:53
  • Жаңартылған күні: 13.05.2019 16:23
  • Көргендер саны: 43
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі