24.06.2019

Валюта бағамы:

Тұңғыш президент көрмесі –Қармақшыда

Тұңғыш президент көрмесі –Қармақшыда

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі ғылыми-білім беру және мәдени ағартушылық көрмесі Қармақшы ауданында өз жұмысын бастады. Мемлекет басшысының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы шешуші рөлін жан-жақты көрсету мақсатындағы республикалық деңгейде ұйымдастырылған шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы қатысты. Аудан тұрғындарымен кездескен Елбасы кітапханасы директоры Әмірхан Рахымжанов алдымен көшпелі көрменің мәні мен маңызына тоқталды. Мұнда Назарбаев моделінің қалай қаланғаны, егемендік алған қысқа мерзімде еліміздің жетістіктерге қалай жеткені туралы кеңінен қамтылып айтылған. Мемлекет басшысының көрегенділігінің, біліктілігінің, ізденімпаздығының, озық идеяларының жемісі осы жинақта толық қамтылған. Бұны қазақстандықтарға, бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету мақсатында жұмыстана беретін боламыз, – деді Ә.Рахымжанов. Тағылымдылығы басым шарада аудан тұрғындарына «Бәсекеге қабілеттілік – ХХІ ғасыр ұлт жаңғыруы», «Қазақстанның тарихи жолы мен эволюциялық дамуы», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Ашық сана – болашаққа жол» дәрістері жүргізілді. Топтық ойындар мен психологиялық жаттығулар, тәжірибелік сабақтар өтті. «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» аймақтық кәсіби сессиясына жалғасты. Сайып келгенде кітапхана, архив, музей салалары бойынша замана дәуіріне қарай қарыштай даму қадамдары сараланып, астаналық мамандар өз тәжірибелерін бөлісті. Қазақстан Президенті кеңесінің бастығы М.Қасымбековтың Қармақшы ауданының әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлына Елбасының өмір жолы туралы кітаптар мен Алғыс хатын табыс етті. Бүгінгі көрмеден аудан жастары Президент туралы көп мағлұматтар алып, тәрбиелік мәні жоғары кездесуге ризашылықтарын білдірді. Елбасының жеке қорының көрмесі Қармақшы ауданында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

  • Жарияланған күні: 10.04.2019 10:11
  • Жаңартылған күні: 10.04.2019 12:17
  • Көргендер саны: 157
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі