15.09.2019

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданында президент жолдауынан туындайтын міндеттер сараланды

Қармақшы ауданында президент жолдауынан туындайтын міндеттер сараланды

Бүгін Шәмшат Төлепова атындағы мәдениет үйінде өткен Қармақшы ауданының активінің жиынында Қазақстан Республикасының президенті Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауынан туындайтын міндеттерді саралады. Аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы аудан активінің жиынында жүргізілетін жұмыстарға тоқталып, алға қойылған мақсаттар мен межелі міндеттерді саралады. Президент жолдауы – барша қазақстандықтардың өміріне, болашағына қатысты екені белгілі. Жолдаудың стратегиялық маңыздылығын ескеретін болсақ, белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталды. Идеологиялық аудан активінің жиынын жүргізген Мұса Оспанұлы қасиетті Қармақшы өңірінің гүлденуі мен дамуы жолында бар күш-жігерін жұмсап, алдағы уақытта қолдауды қажет ететін салаларға көңіл бөлетінін жеткізді. Сонымен бірге аудан прокуроры Сейтжанов Ербол Смағұлұлы, қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Раева Күлжауһар Төлегенқызы, «Тұрмағамбет» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Пірмантаев Нұржан Айдарбеккұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдаров Серік Бақытұлы сөз алып, жолдауға байланысты пікірлерімен бөлісті.

  • Жарияланған күні: 06.09.2019 08:20
  • Жаңартылған күні: 06.09.2019 20:26
  • Көргендер саны: 53
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі