17.08.2019

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданында балабақша ашылды

Қармақшы ауданында балабақша ашылды

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Қармақшы ауданына жұмыс сапары аясында Дауылкөл ауылдық округі, Тұрмағамбет ауылындағы 80 орындық балабақшаның ашылу салтанатына қатысты. Ағымдағы жылдың 25-26 шілде аралығында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Қармақшы ауданында болды. Бүгін Дауылкөл ауылдық округінде 80 орындық "Қызғалдақ" балабақшасының ашылу салтанаты өтті, тапсырыс беруші – «Тұрмағамбет» ЖШС. Айта кетейік, Қызылорда облысында 3-6 жастағы балаларды балабақшалармен қамтамасыз ету мәселесі 2015 жылы толық шешілген. "Бүгін, міне, салтанатты түрде өздеріңізбен бірге заманауи балабақшаны іске қосқалы отырмыз. Осымен, ауылдық округтегі балабақша мәселесі толық шешілді деп санаймыз. Сондай-ақ, соңғы жылдары Дауылкөл ауылдық округінде бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын айту керек. Тамыз айында Тұрмағамбет ауылында тәулігіне 1 тонна сүт өңдейтін цех құрылысы аяқталып, іске қосылады. «Орталық алаң» құрылысы қарқынды жүруде. Ауданның ауылшаруашылығын әртараптандыру бағытында «Тұрмағамбет» ЖШС өңірімізде суды аз қажет ететін соя егуді қолға алды. Бұның барлығы ауыл тұрғындарының әл - ауқатын арттыруға және аймақтың экономикасын дамытуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Қуанышбек Ысқақов. Төретам кентінде облыс әкімі 2018 жылы ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Кешенде спорттың 5 түрі бойынша сабақтар өткізіледі: бокс, ауыр атлетика, баскетбол, волейбол және кикбоксинг. Спорт кешенінде 210 бала жаттығады. Содан соң, Қуанышбек Досмайылұлы аудан орталығы Жосалы кентінде 2016 жылы ашылған темір-бетон бұйымдарын шығаратын цехқа барды. Кәсіпорында 12 адам жұмыс істейді, мұнда құрылыс құмы мен бетон бұйымдары өндіріледі. Сонымен қатар, аймақ басшысы 4 мыңнан астам жәдігер сақталған аудандық тарихи-өлкетану мұражайында болды. Жаңажол ауылдық округінде Қуанышбек Ысқақов 2018 жылы пайдалануға берілген сағатына 5 тонна күріш өңдейтін цехты аралап көрді. Мұнда 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, ал шаруашылық құрамында 400 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, аймақ басшысы ІІІ Интернационал ауылдық округінде "Достық жер МК" ЖШС демеушілігімен жүргізілген орталық алаңды абаттандыру жұмыстарымен танысты. Ақтөбе ауылдық округінде қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысын аралап көрді. Сондай-ақ, өңір басшысы аудандағы бірқатар елдімекендердің тұрғындарымен кездесіп, өңірді дамыту мәселелерін талқылады.

  • Жарияланған күні: 29.07.2019 09:55
  • Жаңартылған күні: 29.07.2019 10:10
  • Көргендер саны: 55
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі