18.11.2019

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданында ауыл спортшыларының ХХХІІІ «Алтын күз-2019» облыстық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті

Қармақшы ауданында ауыл спортшыларының ХХХІІІ «Алтын күз-2019» облыстық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті

Жосалы кентіндегі орталық стадионда ауыл спортшыларының ХХХІІІ «Алтын күз-2019» облыстық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Спартакиаданың салтанатты ашылуында аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Оспанов Жақсылық Әбдімәлікұлы жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Спорттың 16 түрінен (футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, қол күрес, шақмат, гір спорты, асық ату, бес тас, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, Президенттік көпсайыс, көкпар, теңге алу, аударыспақ) 1000-нан аса спортшыны қамтитын спартакиадада аймақтың барлық аудандарының құрама командалары өнер көрсететін болады. Ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, ауылдық жерлерде салауатты өмір салтын қалыптастырып, спорттың маңызын арттыру мақсатында өткізілген спартакиадаға 1000-ға жуық ауыл спортшылар қатысуда. Қай кезеңде болмасын дені сау ұлт – бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала екені баршамызға белгілі. Бүгінгі күні өңіріміздің спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, еліміздің көк байрағының асқақтай түсуіне қол жеткізіп келеді. Биылғы жылы аудан спортшылары ҚР біріншіліктері мен чемпионаттарында 19 – алтын, 17 – күміс, 19 – қола медальды жеңіп алса, Әлем Кубогында 1-қола және Әлем чемпионатынан 1-күміс медальды иеленді. Атап айтар болсақ, Ғалымжан Абдрахманов Минск қаласында (Беларусия) өткен самбо күресінен Әлем Кубогында қола жүлдегер атанса, Әділбекқызы Айша тамыз айында Өзбекстан Республикасының, Ташкент қаласында таэквандодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Үстіміздегі жылдың 2-6 қазан аралығында өткізіліп отырған Ауыл спортшыларының ХХХІІІ «Алтын күз-2019» спартакиадасы жексенбі күні қорытындылатын болады.

  • Жарияланған күні: 04.10.2019 05:09
  • Жаңартылған күні: 04.10.2019 17:20
  • Көргендер саны: 919
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі