19.11.2019

Валюта бағамы:

Қармақшы ауданында бата беру байқауы өтті

Қармақшы ауданында бата беру байқауы өтті

Бүгін Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Батаменен ел көгерер» атты тақырыпта батагөй қариялар арасында бата беруден аудандық байқау өтті. Байқауға ауданға қарасты 2 кент, 12 ауылдық округтен бабалар өсиетін, сөз саптасын, даналық ұғымын ұрпағына үлгі еткен қарияларымыз қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Сайыс қорытындысымен І орынды - Ақай ауылдық округінен Махамбетов Дәріқұл атамыз, ІІ- орынды Жосалы кентінен Малбағаров Әбілқасым атамыз, ІІІ-орынды Дауылкөл ауылдық округінен Жәлиева Шаһар әжеміз иеленді. Іс-шара соңында жүлделі орындардан көрінген қарияларымыз аудандық ардагерлер кеңесінің тарапынан бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.



  • Жарияланған күні: 05.11.2019 11:20
  • Жаңартылған күні: 05.11.2019 23:25
  • Көргендер саны: 37
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі