15.09.2019

Валюта бағамы:

Ауданымызда күрішке алғашқы орақ басталды

Ауданымызда күрішке алғашқы орақ басталды

ІІІ Интернационал ауылында «Достық – Жер МК» ЖШС №5 егіс бригадасында күрішке алғашқы орақ салу рәсімі өтті. Шараға облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін атқарушы Сейілбек Нұрымбетов, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, шаруа қожалықтарының төрағалары, аудан аргерлері қатысты. Егіс алқабында аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қошалақов Әділ Үсенұлы «Дала күні-2019» семинарының мәжілісін жүргізіп, биылғы жылы орақ науқанының барысын сараптады. Семинарда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жолмаханов Сабытбек, «Жаңажол» ЖШС төрағасы Төлепов Орынбасар, «Достық -Жер МК » ЖШС-нің директоры Сарсенбаев Мұрат Абайұлы хабарлама жасады. Шара барысында аудандағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен арнайы техникалар көрмесі қойылды. Аудан диқандары биылғы жылы барлығы 23748 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, оның ішінде дәнді дақылдар бойынша күріш көлемі 14633 гектар, жаздық бидай 595 гектар, арпа 125 гектар, майлы дақылдар бойынша мақсары 347 гектар, соя 40 гектар, мал азықтық дақылдар 6831 гектар, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 1187 гектар алаңға орналастырылды. Биылғы жылдың жаңалығы 40 гектар жерге соя дақылы тәжірибе ретінде егілуде. «Тұрмағамбет» ЖШС Алматы қаласынан сояның ерте пісетін «Жансая» сортының 2 тонна І-репродукциялы тұқымын алдырып, 20 гектар жерге облыстық Ы.Жахаев атындағы Қазақ Күріш Ғылыми Зерттеу Институтымен бірлесіп өсіруде. Сонымен бірге, «Жаңажол» ЖШС 20 гектар жерге егістік жерді суармай бұрын күріш егілген алқапқа ерте егу арқылы жоғары өнім жинау технологиясын қолданып, соя өсіруге тәжірибе жасауда. Келесі жылы шаруашылықтар сояның егіс көлемін 500 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

  • Жарияланған күні: 03.09.2019 01:52
  • Жаңартылған күні: 03.09.2019 16:00
  • Көргендер саны: 64
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі