26.02.2020

Валюта бағамы:

Алдашбай Ахун ауылдық округінде тындырымды істер жүзеге аспақ

Алдашбай Ахун ауылдық округінде тындырымды істер жүзеге аспақ

Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдер ел алдында есеп беріп келеді. Алдашбай Ахун ауылдық округінің халықы да осы сәтті асыға күтетіндей. Өйткені, қордаланған әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқататын, алдағы жылғы елді-мекендегі атқарылатын жұмыстарды саралайтын кезең болып табылады. Бүгінгі Алдашбай Ахун елді – мекенінің тұрғындарының алдындағы есепті кездесуде аудан әкімі М. Қалдарбеков Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерді бұлжытпай орындау, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, білім беру мен денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тағы басқа салаларды дамыту бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылғанын талдап өтті. Жалпы, тұрғындармен кездесуде бір жылдағы жетістік пен әлі де орайын келтіретін мәселелердің аражігі айқындалды. Аудан басшысының халықпен есеп беру кездесуінде Алдашбай Ахун ауылдық округінің тұрғындары да өздерінің сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын шаралар мен әлеуметтік мәселелер кезең - кезеңімен шешімін табатын болады.

  • Жарияланған күні: 22.01.2020 11:34
  • Жаңартылған күні: 23.01.2020 00:37
  • Көргендер саны: 88
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі