26.02.2020

Валюта бағамы:

Қуаңдария ауылдық округінде есеп беру кездесуі өтті

Қуаңдария ауылдық округінде есеп беру кездесуі өтті

Темір жолдан шалғай жатқан Қуаңдария ауылдық округінің халқының барлық тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малға тәуелді. Соған қарамастан ауылда соңғы жылдары ауыл тұрмысы дамудың даңғыл жолында келеді. Бүгінгі аудан әкімі М. Қалдарбековтың ауыл тұрғындарының алдында берген есебінде ел игілігі үшін атқарылған жұмыстар айқын аңғарылады. Жаңа мектеп ғимаратында өткен кездесуде аудан басшысы 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылғы міндеттер туралы баяндады. Бір жыл ішінде атқарылған істерді саралай келе, Мұса Оспанұлы жүзеге асқан шаруаларға қысқаша тоқталып, алдағы күндердің еншісіндегі жұмыстарды тарқатып берді. Өткен жылы «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау» басымдығы бойынша 98,7 млн теңге бағытталды. Осы ретте Қуандария ауылдық округі бойынша Е.Шөкеев, Ә.Төртбаев және Болашақ көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылды. Кәсіпкерлікті дамыту бағытында «Олжа» шаруа қожалығы 120 бас қазақтың ақ бас сиырларын алуға несие рәсімдеуге құжаттарын толық өткізіп, қазіргі таңда шешімін тапты. Аудан басшысы өзге де оң өзгерістер туралы баян етті. Есепті кездесуге келген ауыл тұрғындары аудан басшысы тарапынан атқарылып жатырған игі істерге ризашылықтарын білдірді. Тұрғындар тарапынан қойылған ұсыныстар мен сауалдарға аудан басшысы тұщымды жауаптар берді.






  • Жарияланған күні: 22.01.2020 11:08
  • Жаңартылған күні: 23.01.2020 00:37
  • Көргендер саны: 75
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі